151 Арман

Фотосурет: CQL @ Work
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) қолдану мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды DKNews.kz.
БЖТ енгізудің негізгі мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыруға тарту болды.
БЖТ күнтізбелік жыл ішінде табысы 1175 АЕК-тен аспайтын төлем төлеген, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызмет көрсететін және басқа жеке тұлғаларға жеке шаруашылық өнімдерін сататын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған.
Бұл ретте, бұл төлемді жаңа жылдан бастап төлейтін тұлғалар келесі шарттарды орындаған жағдайда келесі салық режимдерінің бірін таңдай алады:
- Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі (АСЖ);
- Патент негізіндегі АСЖ;
- Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен АСЖ;
- Бөлшек сауда салығы бойынша АСЖ.
Бұл ретте жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылмай, жылдық табысы ең төменгі жалақының 12 мөлшерінен аспаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсіпкерлікпен айналысуға болады.
Салықтар туралы толығырақ ақпаратты 1414/3 телефоны арқылы немесе Instagram @astana_mkd парақшасында.
Источник: dknews.kz






