үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларын қатаңдатады

Қазақстан дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларын қатаңдатады

74
0

177 rob

Қазақстан дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларын қатаңдатады

Фотосурет: iStock

Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы дербес деректерді қорғауды күшейтуге және ақпараттандыру объектілерінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін айқындауға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Заң бөлімде мынадай жаңашылдықтардықарастырады:

  • дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілеттіорганға (Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) Қазақстан Республикасының дербес деректер жәнеоларды қорғау туралы заңнамасының сақталуынмемлекеттік бақылау функциясын беру;
  • мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен интеграциясы болмаған және технологиялық құралдарды пайдалана отырып субъектіні сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жеке басты куәландыратын, дербес деректері бар құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салуды белгілеу;
  • азаматтарды дербес деректердің таралып кету фактілері туралы хабардар ету;
  • «ақ хакерлер» институтын реттейтінақ параттық қауіпсіздік зерттеушілерімен(BugBounty) өзара іс-қимыл бағдарламасын құру;
  • ақпараттық жүйелерді сынау процедураларынтрансформациялау;
  • банктік қарыздарды алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу;
  • цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзегеасыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және лицензиядан айыру (кері қайтарыпалу) процедурасын белгілеу.

Источник: dknews.kz