үй Қазақстан жаңалықтары «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

20
0

132 rob

"Болашақ" бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Фотосурет: gov.kz

10 ақпанда Astana Hub көрме алаңында инженерлік-технологиялық мамандықтардың «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс — шараны ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Болашақ» стипендиясының әкімшісі-Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырады.

Іс-шараға IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады. Олардың ішінде Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және т. б.

Іс-шара барысында ірі жұмыс беруші компаниялар «Болашақ»бағдарламасының түлектері үшін өздерінің бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерін ұсынады. 

Үміткерлер мансаптық өсу, әлеуметтік кепілдіктер, ұсынылған бос жұмыс орындарына жалақы жайлы ақпарат ала алады.

Өтетін орны: Астана қ., Astana Hub, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, с-4.6 павильоны

Өтетін күні: 2023 жылғы 10 ақпан

Өтетін уақыты: 14.00 – 17.00

Қатысушылар: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, жұмыс берушілер, «Болашақ»бағдарламасының түлектері.

Источник: dknews.kz