Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халықаралық
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да «Режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді. Бұған дейін Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясын алғаны белгілі болған еді. Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов та New York Film Academy-да білім алған. Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz