үй Қазақстан жаңалықтары Ресейден Қазақстанға 21 компания көшірілді — СІМ ...

Ресейден Қазақстанға 21 компания көшірілді — СІМ Кеше, 17:42

131
0

Ресейден Қазақстанға 21 кәсіпорын көшті, тағы 13-і пысықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді,

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ресейден Қазақстанға 21 компания көшірілді - СІМ
                Кеше, 17:42

Фото:elements.envato.com

Ресейден Қазақстанға 21 кәсіпорын көшті, тағы 13-і пысықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ресей мен Беларусьте өз қызметін тоқтатқанын жариялаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әлемнің 37 елінен 362 ірі компанияның тізімі жасалды. Бүгінде 21 компания көшірілді. Қазақстанға 13-і пысықталып жатыр, тағы 28 компания бойынша белсенді келіссөздер процесі жүріп жатыр», — деді Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Ол Еуразия құрлығы орталығында орналасқанын ескере отырып, Қазақстан өзінің транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтып отырғанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасында логистикадағы халықаралық қызметтердің тұтас бір саласы қазірдің өзінде қалыптасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz