үй Қазақстан жаңалықтары Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

13
0

333 rob

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі  Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының Жарлығын орындау аясында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Мұқатаев Қызылорда облысының тұрғындарымен және жұртшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Халықпен кездесу барысында қаланың экологиялық жағдайының кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі  Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Атап айтқанда, Қызылорда облысының экологиялық жағдайы – күрделі, бұл ең алдымен Арал теңізінің құрғау салдарымен байланысты атап өтілді. Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Қызылорда қаласында атмосфералық ауаның ластану деңгейі – жоғары, ал Ақай, Төретам, Шиелі кенттерінде — төмен.

Осы жылдың 9 айы ішінде ел бойынша атмосфераға 900 мың тоннаға жуық ластаушы заттар келіп түсті, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 18 пайызға төмен (1,1 млн. тонна). Қызылорда облысына оның 22 мың тоннасы тиісті, бұл былтырғы жылғы кезеңнен 12 пайызға төмен (25 мың тонна). Арал теңізі мәселелерінен бөлек негізгі мәселелердің бірі  қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмегендігі және ескірген кәріздік тазарту құрылғалары.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі  Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Халықты алаңдататын басқа мәселе – бұл ескірген кәріз тазарту құрылғылары немесе олардың болмауы. Қызылорда және Байқоңыр қалаларында тазарту құрылғылары толық тазартпайды, ал Арал қаласы, Әйтеке би, Жаңақорған, Жосалы, Шиелі кенттері сияқты аудан орталықтарында кәріз тазарту құрылғылары мүлдем жоқ.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі  Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Реконструкциялау мәселесі қыруар қаражатты қажет етеді. Сондықтан, облыс әкімдігіне қаржыландыру мәселесін экологиялық төлемдерден түсіп жатқан қаражат есебінен қарастыруды орынды.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі  Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Министрліктің атына Байқоңыр космодромы маңындағы елді мекендерде (Байқоңыр қаласы, Төретам и Ақай кенттері) көптеген заңсыз қоқыс үйінділеріне қатысты өте көп өтініштер келіп түсетінін ерекше атап өткім келеді. Қалдықтардың көлемі шамамен 1,9 млн. тоннаны құрайды.  Бұл сұрақ Байқоңыр кешені мәселелері бойынша Үкіметаралық комиссия отырысында қаралған. Оның нәтижесінде Жол картасы әзірленді, бүгінгі күні Байқоңыр қаласы әкімдігімен 5,9 мың текше метр қалдықтар кәдеге жаратылған.

Жалпы, жергілікті атқарушы органның заңнамадағы құзыретін ескере отырып, мәселелерді шешу үшін әкімдік қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жай-күйін жақсарту және оларды тиісінше жайластыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Сондай-ақ, өңірдегі коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі жағдай туралы халықты хабардар ете отырып, коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу саласында шағын және орта бизнес субъектілерін белсенді тарту, кешенді жұмыс үшін әкімдік коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітуі қажеттілігі аталып өтілді.

Бүгінгі таңда Сыр бойы тұрғындарын Солтүстік Арал теңізінің  жағдайы алаңдатады. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (1-кезең) жобасы аясында 2010 жылы Көкарал бөгеті салынды, соның арқасында біз Солтүстік Аралды ішінара қалпына келтіре алдық.

Өз кезегінде, Арал теңізін сумен қамтамасыз ету, Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру мақсатында биыл тиісті жобаны іске асыру басталды (құны-4,6 млрд.теңге.). Бұл судың жиналуын жобалық қуаттылыққа 18 текше шақырымнан (км3) 27 текше шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде Ақшауыт учаскесінде арна құраушы бөгет салу, Көкарал бөгетінің жоғарғы беткейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және т.б. көзделген.

Сонымен бірге, Солтүстік Аралды 2-ші фазаға көшумен одан ары қалпына келтіруді жалғастыру қажет. Сондықтан біз Дүниежүзілік банкпен белсенді жұмыс істедік және техника-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін 1,5 млн. АҚШ долл. сомасына грант тартылды. Техника-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталуда және келесі жылы мемлекеттік экспертиза қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Техника-экономикалық негіздеменің нәтижесінде Солтүстік Аралды қалпына келтірудің нұсқасы таңдалады. Жобаның іс-шаралары Солтүстік Аралда су жинақтау көлемін 27 текше шақырымнан 35 текше шақырымға дейін жақсартуға, орман белдеулерін орнату арқылы тұз шөгінділерін шығару көлемін азайтады.

Баяндамадан кейін вице-министрдің қызылордалықтармен тікелей диалогы өтті, онда әрбір тілек білдіруші «Еркін микрофон» арқылы өзін қызықтыратын сұрақты қоюға мүмкіндік алды.

Источник: dknews.kz