үй Қазақстан жаңалықтары Экономика 37 жастағы Яков Милатович Черногория президенті болып сайланды

37 жастағы Яков Милатович Черногория президенті болып сайланды

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР 37 жастағы Яков Милатович Черногория президенті болып сайланды


37 жастағы Яков Милатович Черногория президенті болып сайланды

Черногорияның жаңа президенті, 37 жастағы Яков Милатович (ортада). Бөлісу

  37 жастағы Яков Милатович Черногория президенті болып сайланды Бөлісіңіз

Черногорияда жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші турында "Еропа қазір!" қозғалысының кандидаты, экономист Яков Милатович жеңгені белгілі болды. Ол Черногорияны 1991 жылдан бері бірер үзіліспен басқарып келе жатқан Мило Джукановичтің орнын басады.

Черногория астанасы Подгорищеге орналасқан Мониторинг және зерттеу орталығы (CEMI) сәуірдің 3-іне қараған түні Милатовичтің 60 пайыздан астам дауыс жинап, алда тұрғанын хабарлаған.

37 жастағы Милатович – Черногорияның экономика министрі. Ол сайлау алдындағы бағдарламасында жемқорлықпен күресуге уәде берген. Былтыр Милатович "Еуропа қазір!" партиясы құрылтайшыларының бірі болған. Жеңістен кейін жақтастарының алдында сөйлеген Милатович алдағы бес жылда Черногрияны Еуропа одағына кіргізуге уәде берген. Черногория Еуропа одағына мүшелікке кандидат деген статусты 2008 жылы алған.

CEMI мәліметіне қарағанда, сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс беруге қатысқан. Сайлаудың ресми нәтижесі дауыс беруге байланысты шағымдар болса, соның бәрі қаралып біткен соң, таяу күндері шығады.

Черногория президенті лауазымы негізінен өкілді қызмет болып есептеледі, алайда бұл жеңіс Милатовичтің жақтастарына 2024 жылы өтетін парламент сайлауы кезінде үлкен көмек болуы мүмкін.

Источник: www.azattyq.org