үй Қазақстан жаңалықтары Экономика 4 пайыздық автонесиеге алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өтініш беріп үлгерген

4 пайыздық автонесиеге алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өтініш беріп үлгерген

17
0


                4 пайыздық автонесиеге алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өтініш беріп үлгерген

Фото: ғаламтордан

Өтініш қабылдау бүгін сағат 10:00-де басталған болатын. Бастала салысымен, алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өтініш беріп үлгерген.

Алматы, NEGE. Алғашқы минутта сайтқа 125 мың адам кірген. 

Бағдарлама операторы autonesie.kz сайты осыншама көп адамның бір уақытта кіруіне қарамастан шыдас бергенін айтады.

Өтініштерді қабылдау шегі толғаннан кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «Өтінім беру» батырмасы жұмысын тоқтатты. 

Өтініш беру барысында кейбір пайдаланушылар автокөлік өндірушісін таңдай алмады. Бұған да өтінім беру лимитінің толуы себеп болды.

Өтінімдерді қабылдаудың келесі кезеңі наурыз айында болады. Содан кейін ай сайын жалғасады. 

Источник: nege.kz