үй Қазақстан жаңалықтары Экономика 6 ақпаннан бастап 4 пайыздық автонесиеге онлайн өтініш беруге болады

6 ақпаннан бастап 4 пайыздық автонесиеге онлайн өтініш беруге болады

36
0


                6 ақпаннан бастап 4 пайыздық автонесиеге онлайн өтініш беруге болады

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Ғалымжан Әди айтты.

Алматы, NEGE. Қазақстандықтар 6 ақпаннан бастап autonesie.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», делінген қор мәліметінде.

Ескерте кететін жайт, сайтта 761 өтініш беруші тіркелгеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады.

Жеңілдетілген автонесие шарттары:

бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

бастапқы жарна — 0 пайыз.

Источник: nege.kz