үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы асылып тұрған жерінен табылды

Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы асылып тұрған жерінен табылды

77
0


Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы асылып тұрған жерінен табылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы асылып тұрған жерінен табылды

Көрнекі сурет. Бөлісу

  Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы асылып тұрған жерінен табылды Бөлісіңіз

Қаңтардың 13-іне қараған түні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып тұрған жерінен табылған.

Ауыл әкімі Оралбек Әбшановтың айтуынша, жұма күні Айшуаққа аудан орталығы Шалқардан сот-медицина сарапшылары келуі керек. Оқушының өліміне не себеп болғаны сараптамадан соң белгілі болады.

— Хабар тие салысымен мектеп директоры, сынып жетекшісі, мектеп психологы — бәріміз оқушының үйіне бардық. Мұғалімдер де, психолог та оқушы қыздың мінез-құлқынан өзгеріс байқамаған. Баланың шешесі де отбасында ешқандай конфликт болмағанын айтты. Үйлеріне келген қонақты шығарып салып, түнгі он екілерде шешесі қызын іздей бастайды. Сүйекті ауланың түпкірінен тапқан, — дейді Оралбек Әбшанов.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың сөзінше, 2007 жылы туған оқушы қыз артына хат қалдырмаған.

"Бай-қуатты отбасында тәрбиеленіп жатқан, оқу үлгерімі жақсы оқушы болатын. Өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз" дейді Нұргүл Бертілеуова.

Ақтөбе облыстық полиция басқармасы да болған жайды растап, "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы (Қылмыстық кодекстің 105-бабы) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бала өлімінің себебін анықтау үшін полиция бірнеше сараптама тағайындаған.

Қазақстан суицид бойынша әлемде үшінші орында, ал Орталық Азияда бірінші орында тұр. Былтыр қаңтар-қыркүйек арасында елде жүзден аса жасөспірім өзіне қол салғаны хабарланды. Сарапшылар оқушылар арасындағы суицидке әлімжеттік, мектептегі буллинг себеп дейді.

Источник: www.azattyq.org