үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура «ешкім...

Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура «ешкім жоғалмағанын» айтады

18
0


Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура "ешкім жоғалмағанын" айтады

ЖАҢАЛЫҚТАР Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура "ешкім жоғалмағанын" айтады

Райымбек даңғылымен Әшімов көшесіне қарай шеруге шыққан демонстранттар. Алматы, 5 қаңтар 2022 жыл. Бөлісу

  Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура "ешкім жоғалмағанын" айтады Бөлісіңіз

Бас прокуратура Азаттыққа Қаңтар кезінде із-түзсіз жоғалғандар жоқ деп хабарлады. Алайда Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған кемінде екі адамды туыстары әлі іздеп жүр.

"Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза болды. Оқиғаға қатысты 5 300 қылмыстық іс қозғалды. Алайда қылмыстық істер аясында адамдардың хабар-ошарсыз кету фактілері тіркелмеген" деп жазылған бас прокуратураның Азаттыққа жолдаған ресми жауабында.

Алайда Бөгенбай Қанатбаев былтыр 6 қаңтарда Алматыда жоғалған інісі Мақсет Қанатбаевты әлі таппаған. Айтуынша, бір жыл өтсе де інісі туралы еш дерек анықтамаған.

– 6 қаңтарда полиция оны уақытша ұстау изоляторына қамаған. Інімнің онда кіргені туралы дерек бар. Полиция 12 қаңтарда оны шығарып жібердік дейді. Бірақ ол жақтан шыққанына еш дәлел келтірмеді. Соған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ міне, бір жыл өтті, еш хабар жоқ, — дейді Бөгенбай Қанатбаев.

Мақсет Қанатбаевтың із-түзсіз жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеді. Алайда былтыр желтоқсанда іс "дәлелдеме мен күдіктінің табылмауына байланысты" уақытша тоқтатылған.

Агенттік те Қанатбаевтың тергеуден кейін іс-түзсіз жоғалғанын растаған.

2022 жылы 6 қаңтарда Мақсет Қанатбаев уақытша ұстау изоляторындағы №14 камераға жеткізілген. 8 қаңтарда тергеуге шығарылып, қайта оралмаған. Қазіргі таңда Қанатбаевтың орналасқан жері анықталмаған, — деп жауап берді агенттік.

Былтыр жыл соңында "Халықаралық құқықтық бастама" қоры Мақсет Қанатбаевты іздеуді тоқтату туралы шешіммен келіспей, Алматының тергеу сотына шағым түсірген. Жәбірленуші жақтың өкілі, қордың заңгері Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, сот қордың шағымын қанағаттандырып, тергеуді жалғастыру туралы шешім шығарған. Ізінше Алматы прокуратурасы сот шешіміне шағым түсірген.

Источник: www.azattyq.org