үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр

Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр

20
0


Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақ. Бөлісу

  Алматыдағы Fokker-100 апаты: жемқорлықпен күрес агенттігі азаматтық авиация қызметкерлерін тергеп жатыр Бөлісіңіз

Алматы аэродромына өте жақын жерге 23 тұрғын үй салынған. Бұл жөнінде 8 ақпанда депутат сұрағына жауап берген бас прокурор Берік Асылов айтты деп хабарлайды Informburo.kz.

Басылымның хабарына қарағанда, 2021 жылы қазанда азаматтық авиация комитетінің мамандары Алматы әуежайының жазғы ұшып-қону алаңын зерттеп, аэродромды пайдалану нормасынан ауытқу бар екенін анықтаған. Аэродромға жарамдылық сертификаты берілген, бірақ сетрификатқа "нормадан ауытқу 2023 жылғы сәуірге дейін жойылуға тиіс" деген шарт қосылған.

Асыловтың жауабында қолданыстағы заң бойынша аэродромның бақылау нүктелерінен 15 шақырымнан кем жерге құрылыс жүргізуге болмайтыны айтылған.

Бас прокурор жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтық авиация комитетінің аты аталмаған қызметкері үстінен Алматы аэродромының жарамдылығы туралы сертификатты заңсыз бергені үшін іс қозғалғанын хабарлаған.

2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағы Алматыдан ұшарда көзделген биіктікке жете алмай, бетон қабырға мен құрылысы аяқталмаған екі қабатты ғимаратқа соғылған. Бортта 98 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Апаттан 12 адам қаза тапқан.

2020 жылы құрылыс иесі жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында құрылыс салатын жерді әкімдік бергенін айтқан.

Былтыр маусымда Талғар аудандық соты 2017-2019 жылдары әуежай маңындағы жерді заңсыз сатқаны үшін осы ауданның бұрынғы үш шенеунігін бес жылдан алты жылға дейін соттаған.

2021 жылы Алматы облысының соты Алматы әуежайы маңында Fokker-100 ұшағы құлаған жерді заңсыз бергені үшін бұрынғы бес шенеунік пен риелторды соттаған.

Источник: www.azattyq.org