үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ангела Меркель Мәскеу жөніндегі өзінің бұрынғы саясатын қорғай сөйледі

Ангела Меркель Мәскеу жөніндегі өзінің бұрынғы саясатын қорғай сөйледі

86
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ангела Меркель Мәскеу жөніндегі өзінің бұрынғы саясатын қорғай сөйледі


Ангела Меркель Мәскеу жөніндегі өзінің бұрынғы саясатын қорғай сөйледі

Бөлісу

  Ангела Меркель Мәскеу жөніндегі өзінің бұрынғы саясатын қорғай сөйледі Бөлісіңіз

Германия үкіметінің бұрынғы басшысы Ангела Меркель 29 сәуірде Лейпцигте өткен іс-шарада өзінің Ресеймен жүргізген бұрынғы саясатын қорғай сөйледі. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Минск процесі аясында Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін жұмсалған күш-жігерді дұрыс деп атады. "Мен бұл дипломатиялық талпынысты қолдаймын", — деген бұрынғы канцлер "Украинаға қатты алаңдайтынын" айтты.

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель өзі билікте болған уақытта Украина мен Ресей арасындағы жанжалдың алдын алуға бар күшін салуға талпынғанын мәлімдеді. "Өкінішке қарай, оған қызығушылық танытпағандар да көп болды" , — деді ол.

Бұған дейін "Ангела Меркельдің саясаты Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруіне мүмкіндік берді" дейтін сөздер жиі айтылып жүрген. Меркельді сынаушылар ол ұдайы Украина есебінен Ресеймен компромиске келді деп кінә артады. Соның бір мысалы ретінде "Солтүстік ағын — 2" газ құбырын (құрылысы аяқталғанымен, пайдалануға берілмеген) салғанын айтады. Украина мен Грузияны 2008 жылы НАТО-ға қабылдауға да қарсылық білдірді деп айыптайды.

Меркель канцлер қызметінен 2021 жылы өкілеті аяқталған соң кеткен. Кеткеннен кейінгі алғашқы үлкен сұқбатында Ресейдің Украинаға басып кіргені үлкен қателік деген. Өткен жылдың қарашасында Ресейдің Украинаға жаппай басып кіргені өзіне күтпеген жайт болмағанын, соғыстың алдын алуға арналған идеяларын өзге неміс саясаткерлеріне жеткізуге тырысқанын, бірақ олардың жауапкершіліктен тартынғанын айтқан еді.

Источник: www.azattyq.org