үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 17 жылға сотталған Құдайбергеновтің жазасын бірнеше айға...

Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 17 жылға сотталған Құдайбергеновтің жазасын бірнеше айға қысқартты

14
0


Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 17 жылға сотталған Құдайбергеновтің жазасын бірнеше айға қысқартты

ЖАҢАЛЫҚТАР Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 17 жылға сотталған Құдайбергеновтің жазасын бірнеше айға қысқартты Қазыбек Құдайбергенов. Бөлісу

  Апелляция алқасы Қаңтар оқиғасынан кейін 17 жылға сотталған Құдайбергеновтің жазасын бірнеше айға қысқартты Бөлісіңіз

Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 6 ақпанда Қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық ұлан қызметкері Мәдияр Қайсаровтың өліміне кінәлі деп танылған жергілікті тұрғын Қазыбек Құдайбергеновтің апеллциялық шағымын қарап, түрмеде қалдырды. Құдайбергеновтің адвокаттары оны толық ақтап, босатуды сұраған.

Сот алқасына төрағалық етуші судья сот қаулысын түсіндіргенде "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" бабы бойынша белгіленген үш жыл рақымшылық заңы бойынша тоғыз айға қысқарғанын, ал "әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық" бабы бойынша 16 жылға қамау тағайындалғанын айтты.

Сот отырысына қатысушылар сот залынан шығып бара жатқан судьялар Мұхтар Еркінбеков, Артур Наримов және Бақытжан Қалымбеттерге наразылық білдіріп, "не үшін" деп айқайлады. Сотталушы Құдайбергеновтің әйелі Іңкәрім Сұлтановаға сот шешімінен кейін дәрігер шақыртылды.

Бұған дейінгі сот талқысында Қазыбек Құдайбергенов кінәлі емес екенін қайталаған. Оның сөзінше, кінәсіздігін сотқа куәгер ретінде қатысқан жүк көлігі жүргізушісінің "Құдайбергеновті көрген жоқпын" деген сөзі де растайды.

Источник: www.azattyq.org