үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Апелляциялық сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынына өтемақы мөлшерін азайтты 

Апелляциялық сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынына өтемақы мөлшерін азайтты 

19
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Апелляциялық сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынына өтемақы мөлшерін азайтты 


Апелляциялық сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынына өтемақы мөлшерін азайтты 

Қаңтар оқиғасынан кейін өткен шарада көтерілген плакат. 2022 жыл. Бөлісу

  Апелляциялық сот Қаңтарда азапталған Өскемен тұрғынына өтемақы мөлшерін азайтты  Бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасында бір көзінен айырылып, қамауда азапталғанын айтқан Өскемен тұрғыны Ерқанат Жеңісұлы 26 сәуірде Азаттыққа апелляциялық сот өзі сұраған өтемақы мөлшерін азайтқанын хабарлады. Оның сөзінше, Астананың Есіл аудандық соты белгілеген 10 миллион теңге моральдық өтемақы мөлшері апелляциялық сатыда 3 миллион теңгеге азайтылған. Шешімді 28 сәуірде Астана сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шығарған. Шешімге қарсы болған тұрғын Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтты.

– Бірінші инстанциядағы сот шешімі ақпанда шыққан. Қаржы министрлігі сол ақпандағы сот шешіміне қарсы арыз түсірді. Бірақ олар соманы азайтуды емес, "соманы құқық қорғау органдары төлесін" деп талап қойды. Ал сот бұл жөнінде ештеңе айтпай, ақшаны азайтып тастады. Бір ай өтсе де, маған атқару парағын бермеді. Қазір құқық қорғау ұйымдарына шағымданып жатырмын. Алдағы уақытта Жоғарғы сотқа арыз беремін, – деді жұма күні Ерқанат Жеңісұлы Азаттыққа.

25 жастағы Ерқанат Жеңісұлы бір көзі былтыр 5 қаңтарда Өскеменнің орталық алаңында "полиция қызметкерлері қолданған" жарылғыш заттан зақымданғанын айтады. Ол "көзімнен мүлде айырылғанымды ауруханада білдім" дейді. Қазір үшінші топ мүгедектігі бар.

Ол Қаңтар оқиғасынан кейін 54 күн "заңсыз қамауда" болған. Оған "жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша тағылған айып дәлелденбей, іс қысқартылған.

Ол биыл ақпанда қаржы министрлігінен моральдық және материалдық өтемақы талап етіп, Астананың Есіл аудандық сотына жүгінген. Моральдық өтемақы көлемін 40 миллион теңге, қорғаушыға берген қаражатын 750 мың теңге деп көрсеткен. Сот моральдық өтемақыға 10 миллион теңге белгілеп, қорғаушысына жұмсаған шығынын толық төлеуге қаулы еткен.

Ал өтемақы мөлшері азайтылған апелляциялық сот шешімінде Ерқанат Жеңісұлының Қаңтар оқиғасы кезінде "физикалық және эмоционалдық азапқа ұшырағаны", атап айтқанда, "депрессия, мазасыздық, қоғамнан оқшауланған жағдайдағы дәрменсіздік сезіміне" тап болғаны, "жақын адамдарымен қарым-қатынасы үзіліп, жұмыс орнынан, әлеуметтік мәртебесінен айырылғаны" жазылған.

"Осы азаптың барлығы Конституция кепіл беретін жеке қолсұғылмаушылық пен бостандық құқығын бұзды. Мұндай жағдайда сот алқасы моральдық зиян өтемақысының мөлшері 3 миллион теңге деп айқындауды орынды және әділ деп есептейді. Сондықтан, сот шешімі бойынша, өндірілген өтемақының сомасы азайтылуға жатады" деп жазылған 28 сәуірдегі сот қаулысында.

ШҚО прокуратурасының Азаттыққа берген ақпараты бойынша, Өскеменде Қаңтар оқиғасына байланысты 28 қылмыстық іс қозғалған. 25 адамға "жаппай тәртіпсіздік" бабымен тағылған айып дәлелденбегендіктен, істері қысқартылған. Үш іс өндірісте.

Источник: www.azattyq.org