үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті

Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті

17
0


Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті

ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті Тоқаевқа санкция салуды талап етіп тұрған Астана тұрғыны Махаббат Құсайынова. Астана, 16 наурыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Астанада мүгедектігі бар әйел президент Тоқаевқа санкция салуды талап етті Бөлісіңіз

16 наурызда Астанада Еуропарламент өкілдігі алдына қала тұрғыны Махаббат Құсайынова келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет отставкасын талап етті. Халықаралық ұйымдарды Тоқаевқа санкция салуға үндеді. Өздігімен жүре алмайтын мүгедектігі бар 51 жастағы Махаббат Құсайынова көп жылдан бері баспанаға кезекке тұрса да, әлі күнге дейін үй ала алмағанын айтты. Айтуынша, өзінен кейін кезекте тұрғандар "түрлі жолмен баспана алып кеткен". Ол 2019 жылы соған байланысты қызметтік тексеріс жүргізу туралы шағым түсіргенімен, "өтініші қараусыз қалған". Ол бұған дейін тиісті органдардың бәріне шағымданған, бірақ нәтиже болмаған.

"Шағымданатын орган қалмағандықтан, осы Еуропарламент өкілдігіне келіп тұрмын" деді жалғызбасты ана.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Өлместің күнін кешіп жатырмыз". Мүгедектігі бар жандар жәрдемақыны ұлғайтуды сұрайды

– Мен президенттің отставкаға кетуін талап етіп отырмын, себебі жоғары лауазымды тұлғаларды президенттің өзі тағайындайды. Ал олар әрекетсіздік танытып отыр. Демек, президент тиімсіз саясат жүргізіп отыр. Ол тағайындаған шенеуніктер әншейін бір креслодан екінші креслоға секіруді ғана біледі. Ал тындырып отырған шаруасы аз, – деді ашынған Махаббат Құсайынова.

Жалғызбасты ана мүгедектігі бар адамдарға елде әлеуметтік көмектің мардымсыздығын айтып та шағынды.

Есіл аудандық әкімдігінің өкілі келіп, оған бұл шара "заңсыз" екенін ескертіп кетті. Айналада бірді-екілі полицей жүргені де байқалды.

Мүгедектігі бар адамдар мен олардың мүддесін қорғаушылар үкіметтен баспана, жәрдемақыны ұлғайту, инвотаксимен қамтамасыз ету, емдеу және курорт-санаторий орындарына жолдама беру және өзге де көкейкесті мәселелерді шешуді талап етіп, наразылық акцияларына жиі шығады.

2021 жылы желтоқсанда Астанада бір топ адам Еуроодақ өкілдігі ғимаратының алдына барып, үш министр мен қала әкіміне жеке санкция салуды талап етіп, петиция тапсырған. Олар елде мүгедектер құқығы сақталмайтынын және Қазақстан мүгедектігі бар адамдар құқығына байланысты халықаралық конвенция шарттарын орындамай отырғанын алға тартқан.

Атқарушы органдар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспанаға мұқтаждар есебінде бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар мыңдаған адам кезекте тұрғанын, баспана "заң бойынша кезекпен беріліп жатқанын" айтып келеді.

Источник: www.azattyq.org