үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған

Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған


Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған

Тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров Бөлісу

  Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған Бөлісіңіз

Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдолла Худояров ұсталған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік редакциясы — Радио Озодиге оның бауыры Фарход Худоеров хабарлап, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстанда заңсыз қамап тастауы мүмкін екенін айтқан.

Туыстарының сөзіне қарағанда, Жунайдулло Худоеровты 22 маусымда Ресейдің Ханты-Мансиийск автономиялы округінде ұстаған. "Біз жалдаған адвокат араласпаса, Жунайдуллоны жұма күні-ақ Тәжікстанға экстрадияциялап жіберетін еді",- дейді Фарход Худоеров.

Озодиге түскен құжатқа қарағанда, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстан "бұзақылық жасады" деп іздеу жариялаған. Белсенді бұл айыпты теріске шығарған.

2017 жылы Жунайдулло Худоеров Тәжікстанда бес жылға соттталған. Оған "Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" қозғалысына қатысты" деген айып тағылған. Бірақ бір жылға жетпей рақымшылық заңымен босап, Ресейге жұмыс іздеп кеткен.

Кейінгі жылдары Ресейден Тәжікстанға экстрадицияланған бірнеше белсенді түрлі желеумен көп жылға сотталған. Қоғамдық құқық қорғаушылар оларға тағылған айыптардың саяси астары бар деп санайды.

Источник: www.azattyq.org