ЖАҢАЛЫҚТАР Финляндия президенті Украинадағы соғыста Ресейдің ядролық қару қолдану қаупі зор деп санайды
UKRAINE – President of Finland Sauli Niinisto during his visit to Ukraine. Kyiv, January 24, 2023 Бөлісу
Финляндия президенті Украинадағы соғыста Ресейдің ядролық қару қолдану қаупі зор деп санайды Бөлісіңіз
Финляндия президенті Саули Ниинистё Украинадағы соғыс кезде Ресейдің ядролық қару қолдау қаупі зор екенін мәлімдеді. Мұны The New York Times газетіне берген сұқбатында айтқан ол жағдай кез келген сәті ушығып кетуі мүмкін екенін ескертті.
"Біз өте күрделі жағдайда тұрмыз. Тіпті уақ-түйектің өзі оқиғаны күрт өзгертуі мүмкін",- деді ол. Оның сөзінше, соғыс ұзаққа созылады, сондықтан Еуропа халқы жағдай тез шешіле кетеді деп үміттенбегені дұрыс.
Ниинистёнің айтуынша, Еуропа одағы елдері өз қауіпсіздігіне өздері жауап беретінін, қорғанысты нығайта түсу қажеттігін түсінуге тиіс. Финляндия президентінің сөзінше, 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргенде көптеген адам "оянған" адамдардың бір жарым жылдан кейін Украинадағы жағдайға алаңдаушылығы бәсеңдей бастаған. Оның сөзінше, Еуропа одағы елдері қауіпсіздікке зор маңыз беріп отырған, сол мақсатпен НАТО-ға да кірген Финляндиядан үлгі алуға тиіс. Ол Батыс елдерін Украинаға көмекті сақтықпен беруге, Ресейді ядролық соққы жасауға дейін "ызаландырмауға" шақырды.
Ниинистё Ресей президенті Владимир Путинмен 2022 жылға дейін кездескенін де еске алған. Оның сөзінше, Путин орыс мәдениеті туралы өте көп айтқан. "Михаил Лермонтовтың "Ақынның өлімі" дейтін өлеңіне байланысты сұрақ қойғанымда Путиннің жауап монологы жарты сағатқа созылды"дейді Финляндия президенті. Ниинистё, соғыс алдында да бірнеше рет Путинмен Украинаға шабуыл жасамау туралы сөйлескенін, тіпті АҚШ президенті Джо Байденнің де өтініші бойынша да хабарласқанын, бірақ нәтиже болмағанын айтқан.
Источник: www.azattyq.org