үй Қазақстан жаңалықтары Экономика FT: Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың...

FT: Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың идеясына қарсы шықты

64
0

ЖАҢАЛЫҚТАР FT: Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың идеясына қарсы шықты


FT: Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың идеясына қарсы шықты

Бөлісу

  FT: Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың идеясына қарсы шықты Бөлісіңіз

Еуропа одағы мен Жапония Ресейге тауар экспорттауға тыйым салу туралы АҚШ-тың "Жетілік топқа" айтқан ұсынысына қарсы шықты. Бұл жөнінде The Financial Times жазды. Басылым Хиросимада 19-21 мамыр аралығында өтетін G7 саммитіне дайындыққа қатысып жүрген шенеуніктің "мұны орындау мүмкін емес" деген сөзін жариялаған.

Бұған дейін Bloomberg агентігі "Жетілік елдері" Ресейге жасалатын экспортқа эмбарго салу мәселесін талқылайтынын хабарлаған. Ондай болса, қазіргі санкция режимі толық өзгерер еді дейді агентік. Егер қазір санкция салынбаған тауардың бәрін Ресейге экспорттауға болатын болса, жаңа тәсіл қабылданған кезде кей тауардан өзгенің бәріне тыйым салынады.

Еуропа одағы сыртқы істер ведомствосының басшысы Жозеп Боррель Брюссель әзірге Ресейге тағы бір шектеу енгізуді көздейтін 11-пакетке келісуге дайын емес деп мәлімдеген. Болжамға қарағанда, бұл пакет қазіргі санкцияларды айналып өтумен күрес мәселесіне арналады.

Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресейге экспорт жасауға толық тыйым салынса, Ресей "астық келісімінен" шығады деп мәлімдеген. "Астық келісімі" бойынша, Украина астығы Қара теңіз арқылы экспортталады.

Bloomberg ақпаратына қарағанда, қазіргі санкциялар Еуропа одағы мен "Жетілік елдерінің" Ресейге экспортының жалпы бағасын екі есеге жуық қысқартқан. Алайда Женевада орналасқан Trade Data Monitor ұйымының мәліметіне қарағанда, Ресейге Еуропа, АҚШ, Канада және Жапониядан 66 миллиард долларға тең келетін тауар әлі де экспортталып жатыр.

Источник: www.azattyq.org