үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Германия Түркия мен Венгрияны НАТО-ның кеңеюіне кедергі болмауға шақырды

Германия Түркия мен Венгрияны НАТО-ның кеңеюіне кедергі болмауға шақырды

13
0


Германия Түркия мен Венгрияны НАТО-ның кеңеюіне кедергі болмауға шақырды

ЖАҢАЛЫҚТАР Германия Түркия мен Венгрияны НАТО-ның кеңеюіне кедергі болмауға шақырды Финляндия мен Германия сыртқы істер министрлері Пекка Хаависто мен Анналена Бербоктың Хельсинкиде кездескен сәті. 13 ақпан, 2023 жыл Бөлісу

  Германия Түркия мен Венгрияны НАТО-ның кеңеюіне кедергі болмауға шақырды Бөлісіңіз

Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне кедергі болмауға үндеді. Екі мемлекеттің НАТО-ға қосылу жөніндегі өтініштерін Түркия мен Венгрия әлі күнге дейін мақұлдамаған. "Бербок мұны дүйсенбіде Финляндия сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен бірге баспасөз мәслихатын өткізген кезде айтты" деп хабарлайды Reuters агенттігі.

"Германия сыртқы істер министрі НАТО елдерінің бәрі де Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін кідіртпей ратификациялайды деп күтіп отырғанын айтты. Бербок аталған екі ел қосылса, НАТО одан сайын күшейе түседі деп есептейді" дейді "Америка дауысы".

Түркия Финляндияның өтінішін ақпан айында құптаған, бірақ Швеция билігінен сол елдегі "Күрдістан жұмысшылар партиясына" қатаң қарауды талап еткен. Түркия бұл ұйымға тыйым салым, террористік ұйым деп жариялаған. Анкара 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысты деп білетін, қазір Швецияда жүрген топтарды осы елдің билігі айыптауға тиіс деп есептейді.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң, Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылу жөнінде шешім қабылдаған. Екі елдің өтінішін Түркия мен Венгриядан өзге НАТО мүшелері түгел мақұлдаған. НАТО-ға жаңа мүше қабылдау үшін оның құрамындағы барлық елдің келісімі керек.

Источник: www.azattyq.org