үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Графикті Үкімет жасайды». «Jusan bank» мемлекетке ҚАРЫЗЫН қайтаруды НЕГЕ созуы мүмкін?

«Графикті Үкімет жасайды». «Jusan bank» мемлекетке ҚАРЫЗЫН қайтаруды НЕГЕ созуы мүмкін?

19
0


                «Графикті Үкімет жасайды». «Jusan bank» мемлекетке ҚАРЫЗЫН қайтаруды НЕГЕ созуы мүмкін?

Фото: Nege.kz

«Jusan bank» NEGE-нің сауалына жауап берді. Банк қарызды қайтару бойынша сома көлемі мен мерзімін өздігінен шеше алмайтынын хабарлады. Жауаптан түсінгеніміз, мұнымен Үкімет айналысуы тиіс.

Ал осы Үкіметтің банкпен жұмыс істейтін өкілі – Вице-премьер әрі Қаржы министрі Ерұлан ЖАМАУБАЕВ бүгін Сенат дәлізінде журналистермен кезігіп қалып: «Жусан банкке қатысты мәселеде бәрі жақсы болады», – деп жақауратты. Бірақ, қарызды қайтару бойынша ешқандай ақпарат бермеді.

Фото: Sputnik

«Jusan bank» кешіктіріп жолдаған жауабында «банк өзінің міндеттерін орындайды, яғни мемлекеттен алған қаржыны қайтарады» деп жазады. Облигациялар бойынша төлеу және жабу мерзімі 2021 жылдың қортындысы бойынша жариялаған аудиттелген қаржылық есебіне бар екенін хабарлайды.

Дәл сол қаржылық есепте банктің қарызды қайтару мерзімін 2040 жылға дейін созғаны, пайыздық мөлшерлемені 4 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендеткені жазылған. Банк қарызын осы графикпен қайтаратын болса, онда мемлекет әлі 20 жыл күтетін болады.

  • Мемлекетке белшеден ҚАРЫЗ «Jusan bank»-тің әр қадамын НЕГЕ мұқият қадағалауға тиіспіз?

Екі жыл бойы айтылып келе жатқан «Jusan bank» туралы әңгімелер соңғы уақытта тіпті қызып барады. НЕГЕ?

Біздіңше, Жаңа Қазақстан мен Ескі Қазақстандар арасындағы материалдық тартыс-бөлісте дәл осы «Jusan bank» маңызды рөл ойнай бастаған сияқты. «Назарбаев фонд» басшысы Аслан СӘРІНЖІПОВТІҢ жақында ғана жарияланған мәлімдемесі осыған дәлел бола алады. Біз бұл туралы егжей-тегжейлі жаздық.

Қысқаша айтсақ, Аслан Сәрінжіпов «Назарбаев фонд» «Jusan bank»-тен айрылып қалды» деп шағымданып отыр. Оның айтуынша, банкті «Ескі Қазақстанның» сыртқа қашкан кейбір өкілдері тартып алған. Ол өкілдер кімдер? «Назарбаев фонд» қашаннан бері Ескі Қазақстанға жатпайтын болған? Бұл өте шетін әрі нәзік сұрақтардың жауабын Аслан Сәрінжіпов айтпапты.

  • Жусан ханталапайы. «Назарбаев фонд» Jusan bank-тен НЕГЕ айрылып қалды?

Алдағы сәуір-мамыр айларында банктің 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген есебі жариялануы тиіс. Біз үшін бұл – өте маңызды құжат. Одан біз банкте қордаланып қалған үлестірілмеген кірістің көлемін анықтай аламыз.

Біздің есебімізше төленбей қалған 172 миллиард теңге бар, одан басқа банктің былтырғы табысы бар, солардың барлығын қосып, мемлекет биыл «Jusan bank»-тен кем дегенде 200 миллиард теңге қайтарып ала алады.

Оған Қаржы министрлігінің «духы» жете ме? Басты сұрақтың жауабы осында.

#jusan #айдосов #назарбаев

Источник: nege.kz