ЖАҢАЛЫҚТАР Жемқорлық рейтингінде Қазақстанның көрсеткіші былтырғыдан да нашарлады Бөлісу
Жемқорлық рейтингінде Қазақстанның көрсеткіші былтырғыдан да нашарлады Бөлісіңіз
Халықаралық Transparency International (TI) ұйымының жыл сайынғы есебі – "Жемқорлықты қабылдау индексінде" Қазақстан бір саты көтеріліп, 180 елдің ішінде 101-орынға ие болды.
Қазақстанның көрсеткіші – 36 балл. Жемқорлықтың ең сорақы деңгейі 0 балл болса, 100 балл алған елдерде ол мүлде жоқ деген сөз.
Былтырғы тізімде Қазақстанның көрсеткіші 37 балл болған еді.
Рейтингте Қазақстан Албания, Панама, Перу, Сербия, Шри-Ланка және Эквадор сияқты жемқорлық кең етек жайған елдермен бір деңгейде тұр.
Есеп авторлары Қазақстанда 2022 жылғы қаңтарда газ бағасына қатысты жаппай наразылық болғанын еске салады. Митингіге қатысушылар әлеуметтік теңсіздік пен жемқорлыққа қатысты наразылығын айтқан. Наразылық соңы 200-ден астам адамның өліміне алып келгенімен, оқиға дұрыс тергелмеді деп жазады ТІ. Ұйымның мәліметінше, наразылыққа кейінгі 30 жылда билікте отырған ықпалды отбасының "заңсыз жолмен тапқан" байлығы да себеп болды. Осыдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруды қолға алатынын" айтқан.
Источник: www.azattyq.org