
ЖАҢАЛЫҚТАР Жоғарғы рада депутаты президент кеңсесінің кеңесшісі Арестовичті қызметтен алуды талап етті Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович Бөлісу
Жоғарғы рада депутаты президент кеңсесінің кеңесшісі Арестовичті қызметтен алуды талап етті Бөлісіңіз
Украина Жоғарғы радасы депутаты Алексей Гончаренко президент кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестовичті қызметтен алу туралы талап жазылған хатқа қол жинау басталғанын хабарлады. Бұған қоса ол Украина қауіпсіздік қызметінен Арестовичтің іс-әрекетінде мемлекетке опасыздық жасау қылмысы бар-жоғын тексеруді талап еткен.
Бұдан бөлек президент Владимир Зеленскийдің әкімшілігі Арестовичтің соғыс тақырыбына айтқан сөздері президент кеңсесінің ресми позициясына еш қатысы жоқ деп ресми мәлімдеуі керек деп санайды Гончаренко.
16 қаңтарда Жоғарғы раданың тағы бірнеше депутаты президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактан биліктің ресми позициясы мен Арестовичтің ұстанымын ажыратуды сұрап өтініш қылған. Олардың пікірінше, кеңесші Арестовичтің "іс-әрекеті елге зиян тигізеді", мысалы, оның Днепр қаласындағы көпқабатты үйдің қирауының себебі туралы айтқан сөзін "агрессор елдің медиасы қолма қол іліп алып, жар сала таратты" деп жазған олар.
14 қаңтарда Фейгин Live YouTube-арнасына берген сұхбатында Алексей Арестович Днепр қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің тұтас бір подъезін қиратқан ресейлік зымыранды Украина күштерінің әуе шабуылына қарсы жүйесі атып түсірген деп мәлімдеді. Украина қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарып, Ресей зымыраны көздеп атқан нысанаға дәл тиген деп айтты.
Источник: www.azattyq.org





