үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі...

Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі жоқ

17
0


Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі жоқ

ЖАҢАЛЫҚТАР Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі жоқ

Акцияға шығып тұрған Әйгерім Тілеужан. Алматы, 3 қараша, 2020 жыл Бөлісу

  Жоғарғы сот: Үйқамақтағы Әйгерім Тілеужанның мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсуіне кедергі жоқ Бөлісіңіз

Бүгін, 27 ақпанда Қазақстан Жоғарғы соты қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужаннның "мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысуына кедергі жоқ" деген шешім шығарды.

"Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округінің сайлау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылды. Олқылықты түзеу туралы шешім шығарылды. Бұл – түпкілікті шешім" деді судья Берік Нәжімеденов.

Алматыдағы №3 бірмандатты аумақтық сайлау округі Әйгерім Тілеужанды 19 наурызда өтетін мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркеуден бас тартқан. 18 ақпанда комиссия мүшелері Әйгерім Тілеужанның сайлау жарнасын төлегені туралы банк мәліметіне күмән келтірген.

"Әйгерім Тілеужан 17 ақпанда жарна төлегені туралы түбіртек ұсынды. Үміткерді тіркеуге негіз болатын құжатты үйқамақта отырып ұсынғандықтан, құжаттың дұрыстығы күмән туғызады" деп жазылған сайлау комиссиясының хаттамасында.

Источник: www.azattyq.org