үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Көкшетау әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау пикетін өткізуге рұқсат бермеді

Көкшетау әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау пикетін өткізуге рұқсат бермеді

15
0


Көкшетау әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау пикетін өткізуге рұқсат бермеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Көкшетау әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау пикетін өткізуге рұқсат бермеді

Былтыр 6 наурызда Алматыда Украинадағы соғысқа қарсы рұқсат етілген митинг өткен еді, одан кейін жергілікті әкімдіктер мұндай митингіге рұқсат бермей келеді. Бөлісу

  Көкшетау әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау пикетін өткізуге рұқсат бермеді Бөлісіңіз

15 ақпанда Көкшетау әкімдігі азаматтық белсенділерге Ресейдің Украинаға басқыншылығының бір жылдығына байланысты Украинаны қолдап пикет өткізуге рұқсат етпеді.

Бейбіт митинг өткізуге арыз берушілердің бірі Уәлихан Нығметовтің Азаттыққа айтуынша, олар пикетте Украинаны қолдаудан бөлек, Қазақстанның Еуразия одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуын да талап етпек болған.

"Бізге рұқсат бермеудің нақты себебін түсіндірмеді, бейбіт жиын өткізу туралы заңға сілтеме жасады. Содан соң дыбыскүшейткіш қолдануымыз мүмкін екенін айтты" дейді Нығметов.

Көкшетау әкімдігінің ресми жауабында ҚР "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңының 1-бабының 10-тармағына сай рұқсат берілмегені жазылған. Аталған баптың 10-тармағында пикет "дыбыскүшейткіш техникалық құралдарсыз, тек плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарымен өтетіні" айтылған.

Азаматтық белсенділер дыбыскүшейткішті қолдану ойы болмағанын айтады.

Былтыр сәуірде бір топ көкшетаулық белсенді Ресей агрессиясын айыптап, автошеру өткізген еді. Көкшетау полициясы бір айдан соң оларды "заңсыз митинг ұйымдастырды" деп айыптап, әкімшілік жазаға тартқан. Әкімшілік жазаға тартылғандар арасында белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Гаухар Шәкенова бар.

2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға "денацификация және демилитаризация жасаймыз" деген желеумен басып кірген еді. Ресей президенті Путин Украинаға соғысты жариялаған кезде Украинаның жерін басып алу мақсаты жоғын айтқанымен, бір жылдың ішінде Ресей Запорожье, Херсон облыстарының бір бөлігін оккупациялап алды.

Былтыр наурызда Алматы әкімдігі Украинадағы соғысқа қарсы митингіге рұқсат берген еді. Бұл шараға мыңдаған адам қатысып, Ресейдің Украинаға соғысына қарсы шыққан. Бірақ кейінгі уақытта әр аймақтың әкімдіктері Ресей басқыншылығын сынайтын бейбіт митингілерге рұқсат бермей келеді.

Источник: www.azattyq.org