үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Лингвист-ғалымдар латын әліпбиінің «соңғы нұсқасын» таңдағанын хабарлады

Лингвист-ғалымдар латын әліпбиінің «соңғы нұсқасын» таңдағанын хабарлады

9
0


Лингвист-ғалымдар латын әліпбиінің "соңғы нұсқасын" таңдағанын хабарлады

ЖАҢАЛЫҚТАР Лингвист-ғалымдар латын әліпбиінің "соңғы нұсқасын" таңдағанын хабарлады Аты латынша жазылған Алматыдағы сұлулық салондарының бірі. Бөлісу

  Лингвист-ғалымдар латын әліпбиінің "соңғы нұсқасын" таңдағанын хабарлады Бөлісіңіз

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша негізгі ғылыми жұмыстарды аяқтағанын мәлімдеп, 2021 жылы сәуірде жарияланған латын әліпбиі түпкілікті нұсқа деп танылатынына үміт білдірді. Бұл жөнінде Informburo.kz сайты жазды.

Институт өкілдерінің айтуынша, 2022 жылы ғалымдар латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа орфографиялық анықтамалығы мен үлкен орфографиялық сөздігін әзірлеген.

Қазір институт үкіметке бір нұсқаны ғана таныстырған. Оны институт өкілдері және лингвист ғалымдар мен филологтардан құралған орфографиялық комиссия әзірлеп, дамытқан.

"2021 жылы сәуірде қабылданған қазақ тілінің латын нұсқасы түпкілікті болады деп үміттенеміз. Ортологиялық еңбектерді саяси шешім қабылдау үшін жоғарыдағы инстанцияға жібердік" деді институт өкілдері.

2021 жылы сәуірде жарияланған латын әліпбиі.

2021 жылы сәуірде нормативтік-құқықтық актілер сайтында Қазақстан президентінің жарлық жобасы жарияланып, оған латын әліпбиі талқылауға шығарылған еді.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы қазақ тілін латынға көшіруді тапсырған. Кейін таныстырылған диграф және апострофы бар латын әліпби нұсқалары қоғамда сынға ұшырады. 2018 жылы ақпанда Назарбаев латын әліпбиінің үшінші нұсқасын (ерекше дыбыстарды белгілеу үшін диакритикалық таңба қолдануды ұсынған нұсқа) бекіткен. Оны да қоғам жылы қабылдамады.

Үкімет 2023 жылдан бастап 2031 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуді жоспарлап отыр.

2022 жылы маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу бойынша тіл реформасын жүргізуге "асықпау қажеттігін" мәлімдеген. Ол Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтына қазақ тілі орфографиясының арнайы ережелерін шығаруды тапсырған.

Батыс ақпарат құралдары Қазақстанның латын әліпбиге көшу жоспарын "орыс әлемінен аулақтану" деп атаған.

Источник: www.azattyq.org