ЖАҢАЛЫҚТАР NYT: генерал Сергей Суровикин Пригожиннің жоспары жөнінде білген
Ресей армиясының генералы Сергей Суровикин Бөлісу
NYT: генерал Сергей Суровикин Пригожиннің жоспары жөнінде білген Бөлісіңіз
Ресей армиясының генералы Сергей Суровикин ЧВК "Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожиннің жоспары жөнінде білген, деп жазды Америка барлау қызметінің мәліметтерімен таныс АҚШ-тың ресми тұлғаларына сүйенген New York Times басылымы.
Басылымның жазуынша, дегенмен мәліметтер Суровикин қорғаныс саласы басшыларын қызметтен кетіруді көздеген Пригожинге жоспарын жүзеге асыруға көмектесті ме, жоқ па, ол жағын нақты айта алмаған. Американың ресми тұлғалары бірнеше ресейлік генерал Пригожинді қолдаған болуы мүмкін деген тұжырым да жасайды.
Американың бұрынғы және қазіргі ресми тұлғаларына сүйенген басылым Пригожин билікте отырған өзге тұлғалар өзін қолдамаса, бүлікке бармас еді деп жазды.
New York Times-тің мәліметіне қарағанда, Владимир Путин Суровикин бүлік болатынын алдын ала білген деген тұжырымға сенетінін-сенбейтінін шешуге тиіс және білген деген қорытындыға келген жағдайда қалай реакция білдіру жағын да анықтауы керек. Американың ресми өкілдерінің айтуынша, Суровикин мен Пригожин арасындағы ықтимал одақтастық Путиннің "Вагнер" жетекшісіне райынан қайтуға мүмкіндік беруін де түсіндіреді.
Суровикин былтыр қазаннан бері Украинадағы негізгі әскери қимылдарды жүргізіп жатқан Ресей әскеріне жетекшілік еткен. Биыл қаңтарда оның орнына Валерий Герасимов тағайындалған, ал Суровикин оның орынбасары болған. Өткен жұма күні Сергей Суровикин видеомәлімдеме жасап, "Вагнер" әскерін райынан қайтуға шақырған.
Источник: www.azattyq.org