үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Польша мен Словакия Украинаға МиГ-29 ұшақтарын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді

Польша мен Словакия Украинаға МиГ-29 ұшақтарын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Польша мен Словакия Украинаға МиГ-29 ұшақтарын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді Украиналық МиГ-29 ұшағы. 1 қаңтар, 2023 жыл. Бөлісу

  Польша мен Словакия Украинаға МиГ-29 ұшақтарын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді Бөлісіңіз

Польша премьер-министрі 14 наурызда поляк үкіметі 4-6 апта аралығында Украинаға советтік МиГ-29 жойғыш ұшақтарын жеткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Өткен аптада Польша билігі әскери ұшақтар Украинаға халықаралық коалиция аясында жеткізілетінін айтқан. Украинаға МиГ-29 ұшақтарын беруге Словакия да дайын екенін хабарлады. Варшава мен Братислава НАТО-ға мүше өзге елдерді де Украинаға әскери ұшақ беруге үндеді. Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий 14 наурызда Варшава бірнеше апта ішінде ұшақтарды жеткізуі мүмкін екенін айтқан. Алайда мәселе коалиция аясында шешілді ме, жоқ па, ол жағын нақтыламады.

Associated Press агенттігінің жазуынша, Украинаның ұшқыштарына МиГ-29 ұшағы таныс. Олар техниканы бірден пайдаланып кете алады.

Польша қарулы күштерінде 1989 жылдан бері аталған истребительдің 28 данасы бар. Содан бері Варшава ресейлік ұшақтарды америкалық F-16s және кореялық FA 50 ұшақтарына алмастырып келеді. Поляк үкіметі америкалық F-35 жойғыш ұшақтарын да сатып алып жатыр.

Украина Ресей армиясына төтеп беру үшін Батыс елдерінен истребительдер жеткізуді сұраған. Қазірге дейін АҚШ та, Ұлыбритания да Киевке әскери ұшақ беретінін айтқан жоқ.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version