үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Риддердің мыңдаған тұрғынына жылу үшін «артық төленген» 63 млн теңгесі қайтарылады

Риддердің мыңдаған тұрғынына жылу үшін «артық төленген» 63 млн теңгесі қайтарылады

16
0


Риддердің мыңдаған тұрғынына жылу үшін "артық төленген" 63 млн теңгесі қайтарылады

ЖАҢАЛЫҚТАР Риддердің мыңдаған тұрғынына жылу үшін "артық төленген" 63 млн теңгесі қайтарылады Бөлісу

  Риддердің мыңдаған тұрғынына жылу үшін "артық төленген" 63 млн теңгесі қайтарылады Бөлісіңіз

Арнайы комиссия Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында халық тиісті дәрежеде жылумен қамтамасыз етілмегенін және оның сапасы нашарлағанын анықтады. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи монополияны реттеу жөніндегі департамент "Риддер ЖЭО" компаниясының басшыларына 21,7 мың тұтынушыға келген шығынды толтыруды тапсырған. Яғни компания қала тұрғындарына 63 млн теңгені қайтарып беруі керек.

Былтыр қазан-қараша айларында Риддер жылу электр орталығында бірнеше апат болып, соның салдарынан тұрғын үйлердің жылу батареялары суыған еді. Билік апатқа жылу орталығы қызметкерлерінің немқұрайдылығы себеп болды деп мәлімдеген. Қалада төтенше жағдай жарияланып, мектептер қашықтан оқуға көшірілді. Билік Риддерде 22 мыңнан астам абоненттің үйі суығанын айтқан.

Биыл 19 қаңтарда Риддер жылу электр орталығында өрт болып, тұрғындардың үйі тағы суыған. Бірнеше күннен соң билік қала ЖЭО басшысы ауысқанын мәлімдеді. Ақпан басында "Риддер ЖЭО" компаниясының басқарма бастығы Құралбек Әбдірахманов зауыт пайдалануға берілген соң алдағы бес жылда жылу тарифі өспейтінін хабарлаған.

Биыл жылу мәселесі Қазақстанның өзге аймақтарында да туындаған. Былтыр қараша соғында Екібастұз жылу электр орталығында ірі апат болып, жүздеген үй мен нысан қақаған аязда жылусыз қалған. Моноқалада соған байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген.

Источник: www.azattyq.org