үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Табысы 2,5 есеге азайған ҚазТрансОйл. Ұлттық компания шығыны НЕГЕ көбейіп кетті?

Табысы 2,5 есеге азайған ҚазТрансОйл. Ұлттық компания шығыны НЕГЕ көбейіп кетті?

16
0


                Табысы 2,5 есеге азайған ҚазТрансОйл. Ұлттық компания шығыны НЕГЕ көбейіп кетті?

Фото: Nege.kz

«ҚазТрансОйл» ұлттық мұнай тасымалдау операторы (ҚТО) 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін бекітті. Ұлттық компанияның қаржылық және өндірістік көрсеткіштері құлдырап барады. Ол ҚТО-ның шоғырланған және бөлек көрсеткіштеріне де байланысты. НЕГЕ?

2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ выручкасы 255,6 миллиард теңге болды. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 7,3% жоғары. Оның алдында ҚТО выручкасы 238,1 миллиард теңгеге жеткен еді. Бірақ былтырғы таза пайдасы небәрі 19,8 миллиард теңгеге шығып отыр. Одан бір жыл бұрынғы таза кірісі 50,6 миллиард теңгені көрсеткенін ескерсек, ҚТО-ның ақырғы тиімділігі 60,9 пайызға бірден төмендеп кеткен. Оның басты себебі – тауарлар мен қызметтің өзіндік құнының бірден 26,6 пайызға өсуі. ҚТО 2021 жылы 173,2 миллиард теңге жаратса, былтыр бірден 219,4 миллиард теңге құртқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Ernst&Young

ҚТО шығындары неден артып отыр? 2021 жылы жұмысшыларға 61,5 миллиард теңге төлеген ҚазТрансОйл былтыр жалақыға 89,1 миллиард теңге жұмсады. Себебі, ұлттық компания инфляцияның артуына байланысты өндірістегі қызметкерлеріне жалақыны кемінде 20 пайызға көтерген болатын. Бірақ басшыларына айлықты өсірген жоқ.

ҚТО басқарма мен директорлар кеңесі мүшелері 2021 жылы да, 2022 жылы да жылына орта есеппен 740 миллион теңге алып отырды. Ұлттық компания үшін теміржол тасымалы қызметінің ақысы бір жылда 11 есе өскен. 2021 жылы теміржолға 2,8 миллиард теңге төлесе, 2022 жылы бірден 13 миллиард теңгені санап беруге мәжбүр болды. Теміржол тарифтері өсті және ҚТО-ның цистерналармен жөнелтетін мұнай көлемі артты.

«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Ernst&Young

Өндірістік нәтижелерде де артқа кету бар. ҚазТрансОйл магистральдық мұнай құбырлары арқылы 40,6 миллион тонна мұнай тасымалдады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден аз. Бірақ, ішкі мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуін арттырған. 

Жалпы, біз былтырғы жартыжылдықтың көрсеткіштерін саралап, компанияны үлкен проблемалар күтіп тұрғандығын болжаған болатынбыз.

  • Тақырыпқа орай: Пайдасы да, жұмысы да азайып барады. «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы НЕГЕ қиындыққа ұшырап отыр?

ҚазТрансОйлдың шығынданып отырған әлеуметтік жүктемесі – «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырының модернизациясы. Бұл жобаны іске асыру үшін компанияға біршама қарыз алуға тура келеді. Және ол балансқа кері әсерін тигізуі мүмкін.

ҚТО былтыр ғана Қытай банктерінің алдындағы 180 миллион доллар қарыздан құтылған болатын. Ұлттық компанияның миноритарлы акционерлері, жеке тұлғалар осы су құбырын жаңартуға араласпауды сұрап отыр. Бірақ, ҚТО-ның 90 пайыз акциясын ұстап отырған «ҚазМұнайГаз» бұл әлеуметтік жобаны аяғына дейін бітіруге ниетті.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор саналады. Ол ұзындығы 5373 шақырым магистральдық мұнай құбырлары мен 2105 шақырым су құбырларын бақылайды.

#қазтрансойл #самрукказына #водовод

Источник: nege.kz