үй Қазақстан жаңалықтары Экономика WSJ: НАТО Украинаға қару-жарақты тұрақты беретін келісім әзірлеп жатыр

WSJ: НАТО Украинаға қару-жарақты тұрақты беретін келісім әзірлеп жатыр

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР WSJ: НАТО Украинаға қару-жарақты тұрақты беретін келісім әзірлеп жатыр


WSJ: НАТО Украинаға қару-жарақты тұрақты беретін келісім әзірлеп жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Польша президенті Анджей Дуданың Варшавадағы кездесуі. 5 сәуір, 2023 жыл. Бөлісу

  WSJ: НАТО Украинаға қару-жарақты тұрақты беретін келісім әзірлеп жатыр Бөлісіңіз

НАТО елдері Украинамен ұзақ мерзімге арналған келісім жасау мүмкіндігін қарастырады. Бұл келісім бойынша, Киев Батыстың қаруы мен әскери технологиясын тұрақты алатын болады. Бұл жөнінде Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында Польша президенті Анджей Дуда айтты.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мен Батыстың өзге де жетекшілері НАТО мен Украина қатынасы қауіпсіздік мәселесі бойынша АҚШ-Израиль қатынасының үлгісімен жасалатынын айтқан болатын. Қазір АҚШ пен Израиль арасындағы келісім бойынша, 10 жыл ішінде Израиль АҚШ-тың миллиардтаған доллар тұратын қару-жарағын алады. Алайда АҚШ Израильге сырттан шабуыл жасалған жағдайда көмектесуге міндеттенбеген.

Ақ үй өкіліне сілтеген Wall Street Journal Батыстағы одақтастар қауіпсіздік мәселесі бойынша Украинаға ұзақмерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік беретін формат жасағысы келеді деп жазған. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда, Украина таяу жылдары НАТО-ға кірмейді. Мұндай келісім соғысты соза түсу арқылы Батыстың Украинаға ықыласын төмендеткісі келетін Ресейдің үмітін үзеді. "Ресей Украина қауіпсіздік кепілдігін алғанын және оның алдағы уақытта бітпейтінін түсінуге тиіс" дейді Анджей Дуда сұхбатында.

Биыл шілдеде Вильнюсте өтетін НАТО саммитінде Украина-НАТО кеңесі құрылатыны хабарланды. Осыдан соң Киев кеңес отырысын шақырып, НАТО-ға мүше елдерден көмек сұрай алады. Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы келісімге АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия тікелей қатысуға тиіс.

Украина НАТО-ға қабылдау туралы процесті тезірек бастауды ұдайы сұрап келе жатқанына қарамастан, Батыс әзірге асығар емес. Польша президенті Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында "соғыс жүріп жатқан Украинаны НАТО-ға қабылдау әзірге мүмкін емес, бірақ Ресей басқыншылығы Киевтің НАТО-ға барар жолын ашып берді" деген.

Источник: www.azattyq.org