үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қырғыз қауіпсіздік күшінің басшысы Тәжікстанмен шекара бойынша «жаңа құжаттар табылғанын» мәлімдеді

Қырғыз қауіпсіздік күшінің басшысы Тәжікстанмен шекара бойынша «жаңа құжаттар табылғанын» мәлімдеді

11
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қырғыз қауіпсіздік күшінің басшысы Тәжікстанмен шекара бойынша "жаңа құжаттар табылғанын" мәлімдеді


Қырғыз қауіпсіздік күшінің басшысы Тәжікстанмен шекара бойынша "жаңа құжаттар табылғанын" мәлімдеді

Қамшыбек Тәжиев Бөлісу

  Қырғыз қауіпсіздік күшінің басшысы Тәжікстанмен шекара бойынша "жаңа құжаттар табылғанын" мәлімдеді Бөлісіңіз

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев Тәжікстан Қырғызстаннан жер талап етуін тоқтатпаса, Бішкек таяуда табылған тарихи құжаттар негізінде Тәжікстанға талап қоятын болады деп мәлімдеді.

15 қыркүйекте Баткенде журналистер сұрағына жауап берген Тәшиев Қырғызстан билігі шекара бойынша жаңа құжаттар тапқанын, соның негізінде қырғыздың көп жері көрші елге өтіп кеткенін дәлелдеуге болатынын айтқан.

"Көршілес Тәжікстан біздің елімізден жер талап етіп отыр. Мұның орынсыз екенін айтып келеміз. Бірнеше күн бұрын жаңа құжаттар таптық. Сол арқылы Қырғызстанның біраз жері Тәжікстанға өтіп кеткенін біліп отырмыз, енді оны заңдық және тарихи құжаттармен дәлелдей аламыз. Егер көрші ел талабынан бас тартпаса, біз де заңды негізде оларға жер талабын қоямыз" деген Тәшиевтің сөзін Азаттықтың Қырғыз редакциясы жариялады.

Қырғыз үкіметінің шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі өкілі Нәзірбек Бөрібаев Тәшиевтің сөзін растап, аталған құжаттар архивке алынғанын хабарлады. "Құжатта қандай жер айтылғаны жарияланбайды, ол келіссөз процесіне кедергі жасайды",- деді Бөрібаев.

Тәжікстан билігі әзірге Тәшиевтің сөзі жайлы пікір айтқан жоқ. Бұған дейін Тәжікстан тәжік жерін алып қойды деп Қырғызстанды әлденеше рет айыптаған. Бір жыл бұрын Тәжікстан сыртқы істер министірінің орынбасары Содик Имоми Душанбеге аккредиттелген дипломаттар алдында жер картасын көрсетіп, Ворух ешуақытта анклав болмағанын, оған баратын жол да, жер де Тәжікстанға тиесілі екенін айтқан.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 972 шақырым шекараны нақтылау жұмыстары 2002 жылдан басталған. Биыл сәуірде екі республика да 664 шақырым шекараны мақұлдаған. Қалған 300 шақырым шекара мәселесі әзірге шешілмеген. Осыған байланысты екі республика арасында жер дауы жиі қайталанып, қақтығысқа ұласып тұрады.

Источник: www.azattyq.org