үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге...

Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге үндеді

23
0


Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге үндеді

ЖАҢАЛЫҚТАР Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге үндеді Украинадағы соғыста опат болған қырғыз азаматы Аян Әлішеров туралы "Супер Инфо" газетінде жарияланған мақала. Бөлісу

  Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге үндеді Бөлісіңіз

Жогорку кеңеш депутаты Мейкинек Абдалиев 1 ақпан күнгі парламент отырысында Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматы Аян Әлішеров Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге шақырды. Бұған дейін Азаттық 30 жастағы Аян Әлішеровтің Украинада Бахмут түбіндегі шайқаста мерт болғанын жазған.

"Ол Ресейде түрмеде 3 жыл отырған, жуырда оның сүйегін Луганскіден әкелді. Ол соғысқа қалай тап болған?! Біздің елшілік, тиісті органдар осыны зерттеуге тиіс. Ол жаққа өз еркімен барды ма, әлде күштеп апарды ма? Азаматтарымыздың бұл соғысқа қатысы жоқ және қатысы болмауға тиіс" деді депутат.

Марқұм Аян Әлішеровтің анасының айтуынша, Аян 2019 жылы Ресей аумағында ұсталып, жеті жылға сотталған. Анасы оның соғысқа қалай әкетілгенін білмейді. Әлішеров Ресей азаматтығын алмаған.

Источник: www.azattyq.org