үй Қазақстан жаңалықтары Жеңілдікті автонесиелеудің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады

Жеңілдікті автонесиелеудің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады

22
0

281 Арман

Жеңілдікті автонесиелеудің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады

Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламаларының операторлары болып табылатын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарламалар бойынша шарттар біріздендірілетінін хабарлайды.

Азаматтарға ыңғайлы болу, тең жағдайларды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін қолданыстағы екі бағдарламаның үздік нұсқалары қолданылатын болады. Бұдан басқа, бұл қазақстандықтарға бірыңғай және ашық қағидалар бойынша отандық өндірістің жаңа автомобильдерін сатып алу үшін көбірек қаражат ұсына отырып, қаражат ағындарын біріктіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сондай-ақ орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін бұдан әрі бағдарлама бойынша қаражаттың бір ғана операторы ретінде Даму Банкін қалдыру көзделеді.

Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асыруда. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар беруді бастау 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында күтіледі.

Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді. Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын іске асыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 2015 жылдан бастап ҚДБ арқылы жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасына 82 млрд теңге бөлді. Револьверлік тетікті пайдаланудың арқасында осы қаражат есебінен жалпы сомасы 176 млрд теңгеге 32 мыңнан астам қарыз берілді.

Өнеркәсіпті дамыту қоры 2022 жылдың мамыр айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңге бөлді. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл қаражатқа 14 мыңнан астам қарыз мақұлданды, оның ішінде 12,5 мыңнан астам жаңа көлік берілді. Автокредиттің орташа мөлшері 7,8 млн теңгені құрады.

Бағдарламаларға қатысушы банктер – Halyk Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Еуразиялық Банк. Жоғарыда аталған банктердің ақпараты бойынша, бүгінгі күні бағдарлама құралдарымен қамтамасыз етілмеген кезектер жоқ. Қатысушы банктерде алдын ала мақұлдауы бар барлық әлеуетті қарыз алушыларға автомобильдер алған кезде кредиттер берілетін болады.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні, сондай-ақ бағдарламалардың жаңартылған шарттары мен іске асыру тетігі бұқаралық ақпарат құралдарында және ҚДБ мен ӨДҚ ресми сайттарында қосымша жарияланатын болады.

Источник: dknews.kz