үй Әлем жаңалықтары Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан түркі мемлекеттерімен көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан түркі мемлекеттерімен көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі

23
0

351 Арман

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан түркі мемлекеттерімен көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевті қабылдады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы, ең алдымен, Кубанычбек Өмірәлиевті ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымның негізін қалаушы елдің бірі ретінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып, хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде түркі халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға арналған бірегей алаң ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының маңызы арта түсті. Халықаралық ұйымдар мен әлемнің көптеген елдері Түркі мемлекеттері ұйымымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтуге ниетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан түркі мемлекеттерімен көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі

Президент сондай-ақ ұйым хатшылығының алдында биыл қазан айында Самарқанд қаласындағы саммитте қабылданған маңызды шешімдер мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы құрылды. Ұйымның келесі мерейтойлық 10-шы саммиті 2023 жылы Қазақстанда өтеді.

Источник: dknews.kz