A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметін атқарудан
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: talgar-aoa.kz A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметін атқарудан шеттетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Лаура Мырзағалидың қызметтік тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді. «Шешім жергілікті интернет-қауымдастықтар парақшасында ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Шеттетудің мақсаты — Талғар ОАА медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің бейтараптығын қамтамасыз ету», — деп хабарлайды Талғар аудандық орталық ауруханасы. Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайды талдайды. «Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz