үй Қазақстан жаңалықтары Павлодарда төтенше жағдай жарияланады ...

Павлодарда төтенше жағдай жарияланады Кеше, 15:24

19
0

Павлодар мен қала маңындағы ауылдарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Павлодарда төтенше жағдай жарияланады
                Кеше, 15:24

Фото: instagram.com/pavlodar_tjd

Павлодар мен қала маңындағы ауылдарда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар әкімі Хасар Хабылбеков қол қойған шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Павлодар, Павлодар қаласы Ленин кентінің, Павлодар қаласы Жетекші, Мойылды, Павлодар ауылдарының және Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», — делінген жазбада.

Павлодар әкімдігі өткен демалыс күндері облыста болған дауылдың салдарын жою үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланатынын растады.

Жобаның қоғамдық талқылауы 21 қарашада аяқталатыны хабарланды. Павлодарлық коммуналдық қызметтер дауыл салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Облыс ТЖД мәліметінше, қазір өңірде 33 ауыл электр қуатынсыз қалып отыр. Залал көлемі әлі де есептеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz