221 rob
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі
Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын абыроймен және мақтанышпен өтеп жүрген талантты жастар қызмет етеді.
Олардың арасында спортшылар мен музыканттар, ақындар мен жазушылар да бар. Бүгін біз 5447 әскери бөлімінің сарбазы Кеңесбек Арман туралы айтатын боламыз. Ол тек үлгілі жауынгер ғана емес, сонымен қатар айтыса өнер көрсетіп, өлең жазады.
Біздің кейіпкер Ақмола облысының тумасы. Қатардағы Арман Кеңесбектің ата-анасы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Бала Арман 1 сыныпқа 2009 жылы барған. Ол мектеп қабырғасында қазақ және орыс әдебиеті сабақтарын зор құлшыныспен оқыды. Бала кезінен кітапты жылдам оқуды меңгерген. Бұл жағынан оған қатарластары ілесе алмайтын. Ата-анасы баланың қабілетін байқап, «Абай жолы» кітабы мен домбыра сыйға тартқан. Олар баласының өз жасына сай қызығушылығын жоғалтып алмауын қалаған. Соның нәтижесінде Арман мектепте жүріп бірнеше рет аудандық және облыстық жарыстарда өнер көрсетті. 2018 жылы «Абай оқуы» жарысында ұлы ақынның еңбектерін оқу бойынша I орынды иеленді. 2019 жылы жергілікті технологиялық колледжге түсіп, оны «машинист» мамандығы бойынша аяқтаған.
Арман оқушы кезінен бері қазақ және орыс тілдерінде өлең жазады. Бірде оның әдебиет сабағында Сергей Есениннің «Шаганэ, ты моя, Шаганэ!» өлеңін асқан шеберлікпен айтқанын байқаған мұғалімі жас жігітті аудандық жарыстарға жіберуге бел буады. Онда ол белгілі қазақ және орыс ақындарының өлеңдерін оқып, тағы да I орынға ие болған. Арман Кеңесбек мұнымен тоқтамай, колледжде өткен «Жас ақындар» байқауына аттанып, жүлделі екінші орын иеленген.
Оның орыс тілінде жазған мына бір өлеңін оқып көріңіз:
Лежат необозримые,
Колхозные поля.
Великая, любимая
Моя казахская земля!
На полях твоих выросли джигиты,
Отважные горные батыры.
На землях твоих
Ходят прекрасные девицы,
Могучие ханы и храбрые люди.
О, земля моя прекрасная,
Спасибо за твою терпеливость и за любовь.
Байқасаңыз, қатардағы Арман Кеңесбектің авторлық өлеңдерінің негізгі тақырыбы – Отан. Оның өлеңдерінен Қазақстанға, еліміздің ұлы тұлғаларына деген сүйіспеншілікті сезінуге болады.
– Менің ойымша, адам деген бір немесе екі тілмен шектелмеуі керек. Сіз неғұрлым көп тіл білсеңіз, өмір сүруіңіз де соғұрлым оңай болады. Қазақта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген сөз бар. Сондықтан біздің әрқайсымыз білімге ұмтылуымыз керек деп санаймын. Мен Ұлттық ұлан әскері қатарында қызмет ете жүріп, оқуға және өлеңге де уақыт бөлемін. Бізге арнайы бос уақыт беріледі. Сондай уақыттарымды тиімді пайдаланып, шығармашылықты да шыңдап тұрамын. Командирлер менің шығармашылығыма түсінікпен қарайды және қолдау білдіреді, – деді қатардағы А. Кеңесбек.
Аға лейтенант Мақсат Жақсылықов, Алматы қаласы
Источник: dknews.kz