145 Awrora
2022 жылғы 26 желтоқсанда Петропавл қаласының оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери қызметшілерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Ұлттық ұлан академиясы жыл сайын әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізеді. Бұл жолы балалар корпоративіне 100-ден астам бала жиналды.
Іс-шара Аяз Ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын-сауық қойылымынан басталды. Жас көрермендер үшін түрлі байқаулар мен викториналар дайындалды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ЖОО әскери қызметшілерінің балалары арасында Үздік жаңа жылдық құттықтауға арналған бейнеконкурста жеңіске жеткен балалар марапатталды.
Іс-шара соңында Аяз Ата барлық қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балаларға тәтті сыйлықтар табыс етті.
Источник: dknews.kz