үй Қазақстан жаңалықтары Ұлттық ұлан ардагерін туған күнімен құттықтады

Ұлттық ұлан ардагерін туған күнімен құттықтады

5
0

236 rob

Ұлттық ұлан  ардагерін  туған  күнімен  құттықтады

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Атабек Салықбаев отставкадағы подполковник Любик Чикиновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Атабек Қуандықұлы ардагерге зор денсаулық, ғибратты ғұмыр тілеп, ақсақалға жеке құрам атынан сый-сыяпат танытты. Сонымен қатар туған күн иесінің Ұлттық ұландағы айшықты қызмет жолы бүгінгі әскери қызметшілерге зор үлгі екендігін алға тартты.

Сексен бес жасқа толған қарияға ақ тілегін ақтару үшін өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Айдар Оразбаев та шара барысынан төбе көрсетті. Ұлттық ұлан ардагеріне арнайы сыйлығын табыстаған ол жасамысқа баянды бақыт тіледі. Таңның атысымен ақ тілегін ақтарған арнайы қонақтардан ардагер де тартынып қалмады. Көнекөз де өз кезегінде құттықтаушы тарапқа алғысын білдіріп, өз қолымен жасаған туындыларын тарту етті.

Ұлттық ұлан  ардагерін  туған  күнімен  құттықтады

Туған күн иесі қатардағы сарбаздан полк командирінің орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Саналы ғұмырының отыз жылын әскери салаға арнаған өскемендік бүгінгі күні өнер саңлағына айналып үлгерген. Бейнелеу өнеріне бет бұрған Ұлттық ұлан ардагері қазірге дейін бес жүзден астам туындының авторы атанып отыр.

Источник: dknews.kz