үй Қазақстан жаңалықтары Open Banking: Қазақстандағы ЖК кредиттеу бойынша жаңа сервис

Open Banking: Қазақстандағы ЖК кредиттеу бойынша жаңа сервис

19
0

239 Арман

Open Banking: Қазақстандағы ЖК кредиттеу бойынша жаңа сервис

Фотосурет: kapital.kz

ЦентрКредит Банкі мен Documentolog Open Banking бағытында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ЦентрКредит Банкі мен Documentolog IT-компаниясы «Жеке кәсіпкерлерге кредит беру» API бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Open Banking: Қазақстандағы ЖК кредиттеу бойынша жаңа сервис

Енді Documentolog клиенттері (жеке кәсіпкерлер) Documentolog Market цифрлық қызметтер платформасында банктен несие алуға өтініш бере алады. Бұл шешім B2B секторындағы несиелеу процестерін жеңілдету мен жеделдетудегі маңызды қадам болып табылады.

«Documentolog Market — бұл цифрлық қызметтердің алғашқы маркетплейсі, біздің негізгі миссиямыз компаниялар арасында құжаттар мен қызметтермен алмасуды жеңілдету арқылы жұмыс ортасын тиімдірек және ыңғайлы ету. Documentolog Market Documentolog экожүйесіне кіреді, оның пайдаланушылары бүгінде 100 000-нан астам компания және 120 000 жеке тұлға болып табылады» Documentolog Market басшысы, Амина Байкенова

Іске асырылған қызметтің арқасында ЦентрКредит Банкінің open API арқылы кредитке өтінім ресімдеуге, шешімді және банктен қарызды бірден online режимінде алуға болады.

«Банк Қазақстанның барлық қаржы секторы үшін осы бағыттың маңыздылығын түсіне отырып, open API технологияларын дамытуда. Біз серіктестеріміз үшін сапалы технологиялық сервистерді ұсынуға тырысамыз, олардың бизнесін дамытуға мүмкіндік туғызамыз» ЦентрКредит Банкінің президенті, Руслан Владимиров

Open Banking: Қазақстандағы ЖК кредиттеу бойынша жаңа сервис

«ЦентрКредит Банкінің API-мен жұмыс істеу біздің компания үшін оң тәжірибе болды. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана, біз елдегі қаржы секторын одан әрі дамыту үшін ауқымды даму болашағын көріп отырмыз» Documentolog жобалық басқармасының басқарушы директоры Аклия Дзевульская

Бүгінгі таңда кез-келген ұйым өз қызметін цифрландыруға өтініш беріп, өз клиенттерімен және серіктестерімен өзара әрекеттесуді Documentolog Market платформасында онлайн форматқа ауыстыра алады.

Источник: dknews.kz