Қазақстан Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: 2gis.kz Қазақстан Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. «Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады», — делінген хабарламада. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне: әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу; ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми журналдар шығару, халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу; ғылымды танымал етуге қатысу және т.б. кіреді. ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді. Еске салайық, биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz