үй Қазақстан жаңалықтары Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

27
0

311 Awrora

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін, 2023 жылғы 10 ақпанда, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде  хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шығыс Қазақстан облысында тіркелген бизнес субъектілерінің саны -73 152, оның ішінде заңды тұлғалар -16024, жеке кәсіпкерлер – 56 563.

Глубокое ауданы- республиканың ірі өнеркәсіптік ауданы, мырыш, қорғасын, мыс және басқа элементтермен бірге полиметалл кендері өндіріледі.

Облыстың экономикалық тұрақтылығын өнеркәсіп айқындайды, өңірдің негізгі экспорттық тауары өнеркәсіптік өндіріс өнімдері болып табылады.

2022 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі — 2,2 триллион теңгені құрады.

Жалпы өңірлік өнім көлемі — 2,7 триллион теңгені құрады.

Сонымен қатар, 2022 жылы салық түсімі 2021 жылғы көрсеткіштерден едәуір асып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 475 млрд. теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсуі – 103 млрд.теңгені немесе 128% құрап отыр.

Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысы шекаралас аумақ болып табылады, шығысында Ресей Федерациясымен (Алтай өлкесі) және оңтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық округі) шектеседі, осылайша 2022 жылы ЕАЭО елдерінен импортқа 89 млрд. теңге сомасында ҚҚС түсімдері қамтамасыз етілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 млрд. теңгеге артық, өсу қарқыны 134%. Үшінші елдермен облыстың тауар айналымы 28% өсу қарқынымен 3,2 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2022 жыл ішінде 1 100 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық түрде 99% (1 124 893 қызмет), қағаз нысанда 1% (9 439 қызмет) ұсынылды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 3 наурызынан басталатын жеке тұлғалардың банкроттық тетігін енгізу, өтініштерді қабылдау мәселесі қаралды.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР ҚМ МКК төрағасы азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді. Негізінен қатысушыларды БКМ қолдану, арнайы салық режимдерін қолдану шарттары, БЖТ, жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі, жалпыға бірдей декларациялау, ЭШФ, цифрландыру және т. б. бойынша мәселелер қызықтырды.

Кездесу соңында БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы өтті.

Источник: dknews.kz