үй Қазақстан жаңалықтары Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

23
0

280 Awrora

Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин аграрийлермен таңғы бизнес аста қой шаруашылығы саласын дамытуды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Вице-премьер бизнестің негізгі мәселелері мен саланы дамыту бойынша ұсыныстарды тыңдау үшін ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларының өкілдерін дәстүрлі таңғы кездесулерге шақырады. Бұл жолы еліміздің түрлі өңірлерінен келген қой өсірушілермен мәселе талқыланды. Кездесуде қой өсірушілер көтерген ең өзекті мәселелер – ауылдардың айналасындағы жайылымдық жерлердің, малға арналған құдықтардың жай-күйі, салық жүктемесі, мамандар тапшылығы.

Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

«Қазір мемлекеттік комиссия пайдаланылмаған жерлерді алып жатыр, әріптестеріміз қой өсіргіміз келетінін және жайылымға орын жоқ екенін дұрыс атап өтті. Жайылымдық жерлерді беріңіз, біз нәтижені тез арада көрсетеміз. Бүкіл әлем қой жейді. 20 мың аналық бас 20 мың қозы береді, шетелге 50 мың теңгеден сатамыз, бір ғана шаруашылық миллиард теңге табады, сәйкесінше мемлекеттік қазынаға салық түседі» «Ақ-Бидай-Агро» ЖШС басшысы Алмат Жарасбаев

Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Серік Жұманғариннің айтуынша, қазір Павлодар және Абай облыстарында жерді суару үшін Ертіс суларын пайдалану бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Оның арқасында айналымға 64 мың гектар жер қосылады.

«Менде 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы бар, ертең оларды 50 мың теңгеден сатамын. Айналым қаражатым 250 млн теңгені құрайды, мен автоматты түрде ҚҚС төлеуші боламын. 5 мың басқа дейін – біз шаруа қожалығы саналамыз. 5 мыңнан асса – жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне көшеміз, ал егер айналым 60 млн теңге болса, онда ҚҚС төлеуші боламыз. Мемлекеттің назарын осы жағдайға аударғым келеді. Осыған байланысты біз өндіріс көлемін ұлғайта алмаймыз» «Жеті-Хан» ШҚ басшысы Саят Жетібаев

Серік Жұманғарин мал өсірушілермен кездесуде Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

Серік Жұманғарин қатысушыларға еліміздегі микрокредиттеу, оның ішінде ауыл шаруашылығы үшін қолданыстағы бағдарлама туралы айтып берді. Қой шаруашылығы саласы осы бағдарламамен қамтылатын болады.

«Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың оң тәжірибесін енгізу қажеттігін баса айтты. Кооперацияны дамытуға мемлекет Жамбыл облысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша тәжірибесін тираждау шеңберінде 1 трлн теңге бөледі. Бұл – қомақты қаражат, оны тиімді пайдалану керек. Қазір біз зәкірлік жобаларды әзірлеп жатырмыз, оларды әзірлеуге қосылуға және саланы дамыту бойынша өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз» Серік Жұманғарин

2022 жылы қой шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлінді. Қойлардың негізгі саны Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында шоғырланған. 2023 жылдың 1 қаңтарына ел бойынша қой саны 19 млн басты құрайды. Еліміздің қой етімен қамтамасыз етілуі бүгінде 106,2%-ды құрайды.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында барлық түрдегі 38,5 мың тонна ет экспортталды, оның ішінде қой еті – 9,1 мың тонна. Импорт барлық түрдегі 144,5 мың тонна етті құрады, оның ішінде қой еті – 0,3 мың тонна.

Қой етінің негізгі экспорты Өзбекстанға, БАӘ мен Кувейтке тиесілі.

Источник: dknews.kz