үй Қазақстан жаңалықтары Петропавлдағы оқиғадан кейін еліміздің барлық мектептерінің қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

Петропавлдағы оқиғадан кейін еліміздің барлық мектептерінің қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

16
0


                Петропавлдағы оқиғадан кейін еліміздің барлық мектептерінің қауіпсіздік жүйесі тексеріледі

Фото: ғаламтордан

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавл қаласындағы мектепте болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды.

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия құрамында балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері бар.

Айта кетейік, мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған бейнебақылау камералары мен дабыл түймесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы тапсырылды.

Источник: nege.kz