үй Қазақстан жаңалықтары Ақтауға қашып кеткен екі жасөспірім қыз табылды

Ақтауға қашып кеткен екі жасөспірім қыз табылды

21
0


                Ақтауға қашып кеткен екі жасөспірім қыз табылды

Фото: ғаламтордан

Полицейлер Ақтауға қашып кеткен екі жасөспірім қызды тапты.

Алматы, NEGE. 12 ақпан 16 және 13 жастағы 2 қыз үйден кетіп қалған. Ата-аналары Тобыл станциясынан Ақтау қаласына кетуі мүмкін екенін хабарлады.

Тәртіп сақшылары желілік бөлім әріптестерімен пойызды тексеріп, вагондардың бірінен жоғалған қыздарды тапқан.

Ақтөбе облысының Айка станциясында кәмелетке толмағандар пойыздан түсірілді. Қамысты ауданының полиция бөліміне жіберіліп, сол жерден үйлеріне жеткізілді.

Қыздардың ата-аналары балаларды үйге аман-есен жеткізгені үшін полицейлерге алғыс айтты.

Источник: nege.kz