үй Қазақстан жаңалықтары ҚР Су шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарына өзгерістер енгізілетін болады

ҚР Су шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарына өзгерістер енгізілетін болады

43
0

227 rob

ҚР Су шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарына өзгерістер енгізілетін болады

Фотосурет: ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Атап айтқанда, су тасқынына қарсы іс-шаралармен толықтырылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кеңеске Су шаруашылығы комитетінің төрағасы және министрлік департаменттерінің директорлары, сондай-ақ «Қазсушар» РМК өңірлік филиалдарының және бассейндік инспекциялардың басшылары қатысты. Нұржан Нұржігітов жиынға қатысушыларға су тасқынына қарсы күрес және апаттың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Ақпан айында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, оны іске асырудың кешенді жоспары бар. Еріген қар суын ауыл шаруашылығында пайдалану жоспарын шұғыл әзірлеу қажет. Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймалары 100% толуы керек, бірақ су жинау кезеңі су шаруашылығы құрылыстарына зиян келтірмейтіндей өтуі керек»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі.

ҚР Су шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарына өзгерістер енгізілетін болады

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара жедел іс-қимылдың маңызын атап өтті.

«Мен бұл туралы өңірлерге сапарым кезінде де айттым, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ведомстволармен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажет. Су тасқыны кезінде ғана емес, жыл бойы тығыз байланыста болуы керек. Өйткені, министрліктен бөлек, әкімдіктердің де балансындағы су қоймалары бар. Сондай-ақ, бірлесіп су шаруашылығы құрылыстарын жөндеуді жылдамдатамыз»,- деп қорытындылады Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, кеңесте «Қазсушар» РМК филиалдары мен министрліктің бассейндік инспекцияларының басшылары өз өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы, су қоймаларына су жинау және тасқын суын өткізу бойынша жұмыстардың барысы туралы баяндама жасады.

Источник: dknews.kz