үй Қазақстан жаңалықтары Сегіз қырлы сержант

Сегіз қырлы сержант

10
0

165 rob

Сегіз қырлы сержант

Взвод сержанттары – Ұлттық ұлан әскерінде ең маңызды жауапты қызметтерді атқарады, олардың кәсібилігі мен дайындығы, ең алдымен, тәртіп пен жауапкершілігін анықтайды. Бұл ретте кіші командалық буын мамандары қызметінің негізгі қағидаты «сержант сарбазды, сержант сержантты үйретуі керек» болып табылады. Осы қағиданы взвод сержанты аға сержант Ерболат Ғаббасов 15 жылдан астам ұстанып келеді. Ерболат бала кезінен әскерге барсам ол жерде үздіктердің бірі болатыны жайында әкесі Сапарғали ағамызға үнемі айтатын. 2005 жылы Ысқақ Ыбыраев ауылындағы Маркен Ахметбеков атындағы орта мектепті бітіріп, Отан алдындағы борышымды және азаматтық міндетімді өтеймін деп военкоматтан Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне мерзімдік қызмет атқаруға барып, әкесіне берген уәдесін ұмытпай офицерлер мен сержанттардың берген нұсқауларына, ақыл-кеңестеріне үлкен мән беріп, үздіктердің бірі болып келді.

Әскерден келген Ерболат Сапарғалиұлы көп ойланбады, ол бала кезінде берген уәдесін және әскери өмірді біріктіруге шешім қабылдап, әрі қарай Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөліміне келісімшарт қызметкері болып жұмысқа орналасты. Мерзімдік қызмет барысында Ерболатқа берілген нұсқаулар, ақыл-кеңестердің бірі «сержант сарбазды, сержант сержантты үйретуі керек» деген қағиданы ұстанып, жауынгерлік қызмет барысында өзінің алғырлығымен, тәртіп пен жауапкершілігінің арқасында Петропавл қаласынан Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөліміне басқа
лауазымға тағайындалды.

– Ұлттық ұланда сержанттар корпусына соңғы уақытта барынша назар аударылғанын атап өткім келеді. Бұл кіші командирлер офицерлердің алғашқы көмекшісі болуы керек. Әскери қызметшілерді сержанттық лауазымдарға тағайындау тәжірибесі басқа дәрежеге жетті. Енді бөлімше, взвод және т.б. сержант лауазымына кез келген кандидатура тек мұқият іріктеу нәтижелері бойынша, конкурстық негізде өтеді. Сынақтарды, кәсіби және психотесттерді тапсыруға тура келеді. Осыдан кейін-ауқымды аттестаттау, онда әрбір кандидатура бойынша барлық «оң» және «қарсы» өлшенеді. Сонымен, кіші командир болу оңай емес, оны абыроймен сақтау одан да қиын,
өйткені жауапкершілік сержанттардың мойнына түседі.

Бір айта кетерлік жайт, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 13-і мен 15-і аралығында Астана қаласында орналасқан Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында батальон құрамындағы үздік офицерлермен сержанттарды анықтау конкурсының шешуші 3 кезеңінде үздік взвод сержанты-жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушы болып Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің 3 атқыштар ротасының взвод сержанты аға сержант Ерболат
Габбасов атанды.

Ерболаттың өз жеке басына тоқталып өтсек, қамқор және адал жұбайы Ақмаралмен бірге Әлихан және Аяна,
Айғаным, Айару атты бүлдіршіндерді тәрбиелеп отыр.

– Мен жұбайымды сенімді тірек болғаны үшін бағалаймын. Жақындарымыз, тума-туыстарымыз үшін біз ең жақсы және үлгілі отбасымыз. Отбасында өзара түсіністік, қолдау және сүйіспеншілік болған кезде, балалар мейірімді және бақытты болып өседі, –дейді Ақмарал.

Біздің взвод сержантының достары мен әріптестері оның табандылық, сенімділік, адалдық және әрқашан көмекке келуге дайын болу сияқты қасиеттерін атап өтеді.

Аға сержант Ерболат Ғаббасов – жоғары азаматтық және әскери борышына берік адам. Оның айырмашылығы әрқашан мінезінің ашықтығы, жеке құрамды басқара білу ғана емес, сонымен бірге тек сөзбен ғана емес, іспен де көмектесе отырып, әскери қызметтің барлық қажеттіліктерін білуі. Ол қай жерде қызмет етсе де, қандай лауазымда болса да, әрдайым іске деген жауапкершілік көзқараспен, әр сарбарға және ісіне жеке көзқарас таба алатын ұйымдастырушының табиғи талантымен ерекшеленді дейді.

Күш, ерік, төзімділік және қайратты мінез оларға жауынгерлік қызметте көмектеседі.

Аға лейтенант Мұратбек Арыстанбаев, Қарағанды қаласы

Источник: dknews.kz