үй Әлем жаңалықтары Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

39
0

0 Арман

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Анкара қаласындағы Етимесгут муниципалитетінде Ұлт ұстазының ескерткіші мен паркі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Аталған шараға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут муниципалитетінің әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ТР Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджаджы, Анкарадағы түркітілдес Елшіліктердің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсарұлы, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасының орынбасары және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкіл Ержан Уәйіс, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Сәбит, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жанабай Мейрманқұлов, зиялы қауым, қазақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Алқалы жиында сөз сөйлеген Елші Е.Сәпиев бүгін Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен ескерткіштің ашылуына үлес қосқан Етимесгут муниципалитетінің төрағасы Енвер Демирелге және қызметкерлеріне, «YDA» холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арсланға, Астана қаласы әкімдігіне алғысын білдіре отырып, 1991 жылы 16 желтоқсанда бауырлас Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындағанын және Қазақстанның шетелдегі алғашқы елшілігі Түркияда ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтап, екі елдің тарихы, мәдениеті және діні бір бауырлас мемлекет екенін және биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы Қазақстанда кеңінен аталып өткенін, осы ретте Елшілік тарапынан да көптеген маңызды іс-шаралардың өткізілгенін, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқына ғана емес, күллі түрік халықтарына ортақ тұлға екенін, ол Қазақстанның болашағы үшін ғана емес, түрік әлемінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға екенін баяндады.

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен бүгін бауырлас Түркия елінде, Анкара қаласында қазақ халқының аяулы перзенті, түркітанушы-ғалым, публицист, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының аясында еңселі ескерткіші мен паркінің ашылу салтанатымен қатысушыларды құттықтап, Ахмет Байтұрсынұлы тек қазақ халқына ғана емес, тұтас түркі жұртына ортақ тұлға екенін, сондықтан ескерткіш орнату және парк ашу – Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық, рухани және мәдени байланысты одан әрі тереңдететін игі бастама екенін атап өтті. Бүгін ашылғалы тұрған Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші тарихтағы асылдарымызға жасалған тағзым, тағылымы мол игі бастама екенін, осыған орай Түркия еліне зор ризашылығын білдіретінін жеткізді.

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші мен паркі ашылды

Етимесгут муниципалитетінің төрағасы Енвер Демирел өзінің сөзінде Түркі әлеміне еңбегі сіңген ұлы тұлға, ғалым және түрколог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай, бүгін Ұлт ұстазына арналған ескерткіш пен парктің ашылу салтанатын өткізу муниципалитет үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Алдағы уақытта екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтатын игі бастамалардың жалғасын табатынына сенімін білдірді.

Шара соңында қонақтардың қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш пен парктің салтанатты ашылу рәсімі жүзеге асырылды.

Жалпы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы парктің аумағы 8 мың шаршы метрді құрайды. Парктің ішіне 150 түрлі ағаштар отырғызылған және спорт алаңдары белгіленген. Қола және граниттер жасалған ескерткіштің биіктігі 4 метр, оның 3 метрін мүсін құрайды.

Источник: dknews.kz