үй Қазақстан жаңалықтары Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды

Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды

24
0


                Түркияда үйінді астынан қазақстандық әйелдің денесі табылды

Фото: ТЖМ

10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алматы, NEGE. Алматыдан келген туыстары оны ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті.

Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді. Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.

Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Источник: nege.kz